21.01.2026 15:49

Матета «Кристал Пэластан» кетеді

21.01.2026 15:49

Жан-Филипп Матета осы қыста «Кристал Пэластан» кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 28 жастағы ойыншы Лондон клубының басшылығына жақында командамен қош айтысатынын ескертіп қойыпты.

Француз форварды осыған дейін «Астон Вилла» және «Ювентуспен» келіссөз жүргізген екен. Бірақ соңғы шешімді «Кристал Пэлас» қабылдайды.

Матета осы маусымда 33 матчта 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram