21.01.2026 15:29

ПСЖ ойыншысы ат басын Ла Лигаға бұруы мүмкін

21.01.2026 15:29

ПСЖ жартылай қорғаушысы Ли Кан Ин мансабын Испания чемпионатында жалғауы мүмкін

Marca хабарлауынша, оған «Атлетико» қызығушылық танытып отыр. Париждің клубы 24 жастағы оңтүстіккореялық хавбекті 40-50 миллион еуроға сатуға дайын. Ли Кан Иннің өзі де ПСЖ-дан кетіп, «матрасшылар» қатарына қосылғысы келеді.

Ал ПСЖ бас бапкері Луис Энрике оның командадан кеткенін қаламайды екен.

Ли Кан Ин осы маусымда 21 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram