24.08.2025 23:59

42

«Қайрат» – «Селтик» матчына қосымша билеттер шықты

24.08.2025 23:59

42

25 тамыз күні сағат 13:00-де УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» – «Селтик» матчының қосымша билеттері сатылымға шығады

«Қайрат» футбол клубының ресми хабарламасына сәйкес, УЕФА резервтегі билеттерінің есебінен клубқа шамамен 1000 орын қайтарылды. Енді оларды сатып алуға болады.

Билетті Qairat SuperApp мобильді қосымшасынан, сондай-ақ «Қайрат» ФК және Ticketon сайттарынан сатып ала аласыз. Назар аударыңыздар: бір адамға бір билет қана алуға болады.

Тарихи кештің бір бөлігі болатын және Алматының «Орталық стадионында» Чемпиондар лигасының әнұранын бірге еститін мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Әлімжан Асқар

Әлімжан Асқар

instagramInstagram