22.09.2025 21:03

«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері сатылып кетті

22.09.2025 21:03

«Қайрат» – «Реал» матчының 1000 билеті қытайлық жанкүйерлерге сатылып кетті

Бұл туралы «Ақтөбе», «Тараз» және «Ордабасы» клубтарында ойнаған бұрынғы қазақстандық қақпашы Самат Отарбаев Threads әлеуметтік желісінде айтты.

— «Бүгін, 22 қыркүйек күні Қытайдың Шанхай қаласының тұрғындары «Қайрат» – «Реал» матчына 1000 билет сатып алды деген жаңалықты естідім.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, қытайлықтар билетті клуб басшылығынан алыпты. Әрине бұл сөзіме дәлел жоқ. Бірақ, бір жанкүйер үшін баға 30 000 юаньды (2 310 000 теңге) құрайды. Оның ішіне ұшып келу, қонақүй, тамақ және матчқа билет кіреді екен,– деді Отарбаев.

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері ертең, 23 қыркүйек сағат 17:00-де сатылымға шығады. Билеттер бағасы 30 000 – 250 000 теңге арасында болады.

Ал матчтың өзі 30 қыркүйек, сағат 21:45-ке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram