29.08.2025 00:19

«Қайрат» Чемпиондар лигасының тарихында қалмақ

29.08.2025 00:19

«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Спортингке» қонаққа барады

Алматылықтар аталған матчты Португалияда өткізеді. Яғни, 7000-ға жуық шақырымды артқа тастауға тура келеді. Турнир тарихында мұндай қашықтықты бағындырған клуб бұрын-соңды болмаған.

Сондай-ақ, «сары-қаралар» жарыстың негізгі сатысында «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгагенмен» шеберлік байқасады.

Айта кетейік, «Қайрат» іріктеу кезеңінде «Олимпия», КуПС, «Слован» және «Селтикті» қапы қалдырып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram