29.01.2026 03:07
«Қайрат» «Арсеналға» есе жіберді
29.01.2026 03:07
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің соңғы сегізінші турында «Қайрат» сырт алаңда «Арсеналға» жол берді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде 2:3 есебі тіркелді. Бізден Жоржиньо (пенальтиден) мен Рикардиньо гол соқты. Ал алаң иелерінің сапында Виктор Дьокереш, Кай Хаверц және Габриэль Мартинелли мергендік танытты.
Осылайша Алматының клубы Чемпиондар лигасының осы маусымын бір ұпаймен аяқтады. Ал ұпайдан шашау шығармаған «зеңбірекшілер» 1/8 финалға бірінші орынмен жолдама алды.