02.08.2026 20:44

ПСЖ Зайон Судзукиге ұсыныс жасады

02.08.2026 20:44

«Парма» қақпашысы Зайон Судзуки ПСЖ-ға ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Париждің клубы Судзуки үшін «Пармаға» 33 миллион еуро көлемінде ресми ұсыныс жолдады. Осылайша ПСЖ Зайонға көз тігіп отырған «Ювентусті» шаң қаптырып, «Пармамен» келіссөз жүргізуді бастады.

23 жастағы Жапония құрамасының голкипері биылғы Әлем чемпионатында төрт матчта бес гол өткізіп, бір ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram