02.08.2026 17:07

Де Брюйне «Галатасарайға» ауысуы мүмкін

02.08.2026 17:07

«Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне мансабын Түркияда жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 35 жастағы бельгиялық ойыншыға «Галатасарай» қызығушылық танытуда. Ыстамбұлдың клубы Кевинге 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшарт ұсынбақ.

Де Брюйне Неапольдің клубына өткен жазда еркін агент ретінде келген еді. Ол содан бері Италияның командасында 21 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал оған дейін «Манчестер Сити», «Вольфсбург», «Челси», «Вердер» және «Генкте» ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram