02.08.2026 16:47
Лукаку MLS клубына ауысуы мүмкін
02.08.2026 16:47
«Наполи» шабуылшысы Ромелу Лукаку ат басын АҚШ-қа бұруы мүмкін

Саша Тавольеридің хабарлауынша, оны «Атланта Юнайтед» қатарына қосқысы келеді. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр.
Одан бөлек Лукакуға көз тіккендердің қатарында «Монако», «Аякс» және «Нью-Йорк Сити» бар.
Неапольдің клубы Ромелуды 2024 жылы «Челсиден» 30,7 миллион еуроға сатып алған еді. 33 жастағы бельгиялық форвард өткен маусымда жарақатына байланысты тек жеті матч өткізіп, бір гол соқты. Ол сондай-ақ «Рома», «Интер», «Манчестер Юнайтед», «Эвертон», «Вест Бромвич» және «Андерлехтте» ойнаған.