02.08.2026 17:33

«Барселона» Де Йонгтың орнына футболшы тапты

02.08.2026 17:33

«Жирона» жартылай қорғаушысы Аззедин Унаи «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, «блауграна» оны оң жақ тізесінің сіңірін зақымдап алып, 5-6 айға қатардан шыққан Френки де Йонгтың орнына қарастырып отыр. Каталонияның клубы Унаиді 2022 жылғы Әлем чемпионатында көрсеткен ойынынан бері бақылап жүр. «Барселонаға» Аззединді «Жиронаның» Ла Лигадан ұшып кетуіне байланысты шамамен он миллион еуроға алуға болады екен.

26 жастағы Марокко құрамасының ойыншысына «Барсадан» бөлек «Манчестер Сити», «Брайтон», «Атлетико», «Бетис», «Реал Сосьедад», «Сельта», «Фиорентина», «Аякс» және «Әл-Иттихад» қызығушылық танытқан.

Ол өткен маусым Испания чемпионатында 24 матчта бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram