06.04.2026 08:39
ПСЖ Ян Диомандқа көз тікті
06.04.2026 08:39
«Лейпциг» вингері Ян Диомандқа ПСЖ көз тікті

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Париждің клубы оны жазда қатарға қосуды көздейді. Бірақ «Лейпциг» басты ойыншысын жібергісі келмейді, керісінше онымен келісімшартты ұзартуға ниетті.
Одан бөлек Диомандқа «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Ливерпуль», «Астон Вилла» және «Бавария» қызығушылық танытуда.
19 жастағы Кот-д'Ивуар құрамасының жұлдызы осы маусымда 30 матчта 11 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.