05.04.2026 20:30

ПСВ 27 дүркін Нидерланд чемпионы атанды

05.04.2026 20:30

Нидерланд Эредивизиінің 29-турында «Фейеноорд» сырт алаңда «Волендаммен» (0:0) тең тарқасты

Осылайша ПСВ чемпионаттың аяқталуына бес тур қалғанда мезгілінен бұрын Нидерланд чемпионы атанды. Одан 17 ұпайға қалып келе жатқан «Фейеноорд» енді барлық матчта жеңіске жетсе де басты бәсекелесін қуып жете алмайды.

Эйндховеннің клубы қатарынан үшінші рет және тарихында 27-мәрте ішкі біріншілікте топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram