06.04.2026 08:17
«Манчестер Ситиден» бір ойыншы кетеді
06.04.2026 08:17
«Манчестер Сити» капитаны Бернарду Силва жазда клубтан кетеді

Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Мұны бас бапкердің көмекшісі Пеп Линдерс растады.
Силва мансабын қайда жалғайтынын әлі білмейді, бірақ Әлем чемпионатына дейін жаңа клуб табуға ниетті.
31 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы «қалалықтардың» сапына 2017 жылы «Монакодан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта командамен Англияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды. Одан бөлек тағы 11 трофей жеңді. Ол осы маусымда 43 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.