18.09.2025 01:54
ПСЖ Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
18.09.2025 01:54
Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында ПСЖ «Аталантаны» тізе бүктірді
«Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесуде париждіктер 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Алаң иелері сапында Маркиньос, Хвича Кварацхелия, Нуну Мендеш және Гонсалу Рамуш гол соқты. Сондай-ақ, Брэдли Барколя пенальтиден мүлт кетті.
Луис Энрике шәкірттері келесі турда «Барселонаға» қонаққа барады.