12.03.2026 03:22

ПСЖ «Челсиді» ірі есеппен жеңді

12.03.2026 03:22

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчында ПСЖ өз алаңында «Челсиді» ойсырата жеңді

«Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесуде 5:2 есебі тіркелді. Париж клубының сапында Хвича Кварацхелия дубль жасаса, Витинья, Осман Дембеле және Брэдли Барколя бір голдан соқты. Ал «Челсидің» құрамында Мало Гюсто мен Энцо Фернандес мергендігімен көзге түсті.

Қос клуб арасындағы қарымта кездесу 17 наурыз күні Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram