03.09.2025 16:27
Португалияда Жотаның ескерткіші орнатылды
03.09.2025 16:27
Португалия ұлттық құрамасының базасында Диогу Жотаның құрметіне ескерткіш орнатылды
Диогу Жота шілде айының басында бауыры Андре Силвамен бірге жол апатына ұшырап, қаза тапқан еді.
Жотаның «Ливерпульдегі» 20-нөмірі мәңгілікке қолданыстан шығарылды. Ал халықаралық футболда УЕФА мен ФИФА талаптарына сәйкес, ойын нөмірлері ешкімнің атына бекітілмейді. Сондықтан Португалиядағы 21-нөмір оның жақын досы Рубен Невешке бұйырды.