29.08.2025 19:14
Жотаның нөмірі кімге бұйырғаны белгілі болды
29.08.2025 19:14
Диогу Жотаның Португалия құрамасындағы нөмірін Рубен Невеш иеленді
Бұл туралы команданың бас бапкері Роберто Мартинес мәлімдеді:
— «Диогу – бірліктің символы. Ол әлем чемпионатын жеңуді армандады. Біз Жотаның қалауын орындау үшін аянып қалмаймыз.
21-нөмірлі жейдені енді Рубен Невеш киеді. Рубен әрқашан Жотамен жақсы қарым-қатынаста болды. Сондықтан, ол – Жотаның нөмірін арқалауға әбден лайық адам. Бұл – менің де, федерацияның да қалауы емес. Бұл – Жотаның отбасының шешімі», – деді Мартинес.
Диогу Жота шілде айының басында бауыры Андре Силвамен бірге жол апатына ұшырап, қаза тапқан еді.
Жотаның «Ливерпульдегі» 20-нөмірі мәңгілікке қолданыстан шығарылған болатын. Ал халықаралық футболда UEFA мен FIFA ережелеріне сәйкес, ойын нөмірлері ешкімнің атына бекітілмейді.