09.04.2026 11:10

Педри жарақат алды

09.04.2026 11:10

«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри жарақат алды

Хави Мигельдің хабарлауынша, 23 жастағы испаниялық ойыншы Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Атлетикоға» (0:2) қарсы алғашқы матчта сан бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты екінші тайм басталар сәтте алаңдағы орнын босатқан екен.

Енді ол бүгін, 9 сәуірде медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде жарақатының қаншалықты ауыр екені белгілі болады.

Педри осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram