09.04.2026 10:56
Чемпиондар лигасының фавориті аталды
09.04.2026 10:56
Opta суперкомпьютері 1/4 финалдың алғашқы матчтарынан кейін Чемпиондар лигасының фавориттерін жариялады

Жаңартылған рейтингіде «Арсенал» көш бастап тұр. «Зеңбірекшілердің» топ жару мүмкіндігі 36.69%-ды құрайды. Екінші орынға «Бавария» (29.11%) жайғасса, үздік үштікті ПСЖ (16.22%) түйіндеген. Ал толық рейтинг мынадай:
Арсенал – 36.69%
Бавария – 29.11%
ПСЖ – 16.22%
Атлетико – 6.77%
Барселона – 5.21%
Реал – 2.67%
Ливерпуль – 1.83%
Спортинг – 1.50%.
1/4 финалдың қарымта матчтары 14-15 сәуір күндері өтеді.