09.04.2026 08:39

«Атлетико» араға 20 жыл салып «Камп Ноуда» жеңіске жетті

09.04.2026 08:39

Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы матчында «Атлетико» сырт алаңда «Барселонаны» 2:0 есебімен тізе бүктірді

Осылайша «матрасшылар» араға 20 жыл салып «Камп Ноу» стадионында жеңіске жетті.

Соңғы рет Мадридтің клубы «блаугранадан» түзде 2006 жылдың 5 ақпанында 3:1 есебімен басым түскен.

Айта кетейік, қарымта ойын 14 сәуір күні Мадридте болады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram