20.05.2026 22:44

Opta «Фрайбург» – «Астон Вилла» матчының фаворитін жариялады

20.05.2026 22:44

Opta порталы Еуропа лигасының финалында кездесетін «Фрайбург» – «Астон Вилла» жұбының фаворитін атады

Суперкомпьтер бұл текетіресте Бирмингемнің клубын басым деп есептейді. «Арыстандардың» чемпион атану ықтималдығы 56,5%-ды құрайды. Ал «Фрайбургтың» топ жару мүмкіндігі 19.4%-ға бағаланған. Негізгі уақыт тең есеппен аяқталады дегенге 24% беріп тұр.

Финал бүгін, 20 мамыр күні Түркия астанасы Ыстамбұлдағы «Бешикташ Паркте» өтеді. Оны сағат 00:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram