20.05.2026 21:11

«Арсеналдан» сегіз ойыншы кетуі мүмкін

20.05.2026 21:11

«Арсенал» келер жазда құрамын жаңалауды жоспарлап отыр

CBS Sports хабарлауынша, Лондонның клубы сегіз ойыншысымен қош айтысуы мүмкін. Атап айтсақ, «зеңбірекшілер» Габриэль Жезус, Габриэль Мартинелли, Бен Уайт, Леандро Троссард және Итан Нванеримен қош айтысуға ниетті. Сондай-ақ Кай Хаверц пен капитан Мартин Эдегордың клубта қалуы белгісіз болып тұр. Ал Кристиан Москераны «Атлетико» жұлып әкеткісі келеді.

Микель Артетаның шәкірттері күні кеше араға 22 жыл салып, Англияның 14 дүркін чемпионы атанған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram