20.05.2026 21:41

Бернарду Силва «Атлетикоға» ауысуы мүмкін

20.05.2026 21:41

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, 31 жастағы португалиялық ойыншыға «Атлетико» қызығушылық танытып отыр. Қос тарап келіссөз бастап кетті. «Матрасшылар» оған 2028 жылдың жазына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсыныпты және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Одан бөлек Бернардуды «Ювентус» те өз қатарынан көргісі келеді. «Қарт синьора» агент Жорже Мендешпен осы аптада тікелей келіссөз жүргізіп көрмек.

Силва маусым соңында «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлаған еді. Ол осы маусымда 52 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram