06.07.2026 14:05
Омар Мармуш «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін
06.07.2026 14:05
«Манчестер Сити» шабуылшысы Омар Мармуш «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, Лондонның клубы оны осы жазда қатарына қосқысы келеді. Одан бөлек Мармушты алғысы келетіндердің қатарында «Ювентус», «Галатасарай» және Бундеслиганың бірнеше клубы бар. Ал «Манчестер Сити» ойыншысын шамамен 60 миллион еуроға бағалап отыр.
27 жастағы Египет құрамасының форварды «қалалықтардың» сапына 2025 жылы «Айнтрахттан» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 36 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.