06.07.2026 03:06
Норвегия Әлем чемпионатының ширек финалына шықты
06.07.2026 03:06
Әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегия Бразилияны тізе бүктірді

АҚШ-тың Ист-Ратерфод қаласында өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. Норвегия сапында 79 және 90-минутта Эрлинг Холанд мергендік танытты. Ал Бразилияның жалғыз голын Неймар 90+10-минутта соқты. Сондай-ақ «пентакампеондардың» жартылай қорғаушысы Бруну Гимарайнш 14-минутта пенальтиден мүлт кетті.
Осылайша «викингтер» өз тарихында алғаш рет ширек финалға жолдама алды. Столе Сольбаккен шәкірттері келесі кезеңде Мексика – Англия жұбының жеңімпазымен кездеседі.