06.07.2026 00:22
Роналду: «бұл – менің соңғы Әлем чемпионатым»
06.07.2026 00:22
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду соңғы Әлем чемпионатын өткізіп жатқанын айтты

«Иә, бұл менің соңғы Әлем чемпионатым болады және одан ләззат алу керек»,– деді Криш.
41 жастағы форвард мундиальға 2006 жылдан бері үздіксіз қатысып келеді.
Португалия ертең, 6 шілде күні Әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниямен кездеседі. Ойын АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтіп, сағат 00:00-де басталады.