05.07.2026 17:40
Энцо үшін таласқа «Бавария» қосылды
05.07.2026 17:40
«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес осы жазда клуб ауыстыруы әбден мүмкін

Indykaila News хабарлауынша, Энцо үшін таласқа «Бавария» да қосылды. Мюнхеннің клубы оған қызығушылық танытуда және жағдайды бақылап отыр.
Одан бөлек Фернандеске көз тіккендердің қатарында «Реал», «Барселона», «Арсенал», «Манчестер Сити» және ПСЖ бар.
25 жастағы Аргентина құрамасының ойыншысын «көктер» 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 54 матчта 15 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.