06.07.2026 00:42
Эдерсон «Манчестер Юнайтедке» ауыспайды
06.07.2026 00:42
«Аталанта» жартылай қорғаушысы Эдерсон «Манчестер Юнайтедке» ауыспайтын болды

Осыған дейін манкуниандықтар 45 миллион еуроға сатып алу туралы «Аталантамен» сөз байласқан. Ал Эдерсонның өзімен «4+1» жүйесі бойынша келісімшартқа қол қою туралы келісімге келген. Бірақ журналист Джамельдің хабарлауынша, трансфер соңғы сәтте үзіліп, болмайтын болды. Эдерсон әзірше «Аталантада» қалады.
26 жастағы Бразилия құрамасының ойыншысы өткен маусымда 41 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.