06.04.2026 11:28

Ольмо Саудия клубына ауысудан бас тартты

06.04.2026 11:28

«Барселона» жартылай қорғаушысы Дани Ольмо Саудия клубына ауысудан бас тартты

Diario SPORT хабарлауынша, ол «Әл-Кадисияның» жасаған ұсынысынан бас тартыпты. Эль-Хубардың клубы Ольмо үшін «Барселонаға» 60 миллион еуро төлеуге дайын болыпты. Ал ойыншының өзіне төрт жылдық келісімшарт ұсынған, оған сәйкес бір маусымдағы жалақысы 9,5 миллион еуроны құрайды екен.

27 жастағы испаниялық ойыншы Каталонияның клубына 2024 жылы «Лейпцигтен» 55 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 39 матчта сегіз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram