06.04.2026 10:48

«Манчестер Юнайтедтен» бес ойыншы кетеді

06.04.2026 10:48

«Манчестер Юнайтед» жазғы трансфер кезеңінде бес ойыншыны сатылымға шығаруды жоспарлап отыр

The Sun хабарлауынша, манкуниандықтар Мануэль Угарте, Джошуа Зиркзее, Андре Онана, Расмус Хейлунд және Маркус Рэшфордпен қош айтыспақ.

Клуб қожайыны Джим Рэтклифф аталған ойыншыларды сату арқылы кемі 100 миллион фунт стерлинг пайда көргісі келеді.

31 турдан кейін 55 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» Ағылшын Премьер-лигасында үшінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram