06.04.2026 09:05
«Ливерпуль» бас бапкерсіз қалады
06.04.2026 09:05
«Ливерпуль» бас бапкері Арне Слот жазда клубтан кетеді

Indykaila News хабарлауынша, 47 жастағы маман 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты мезгілінен бұрын бұзады. Бұл шешімді Слоттың өзі қабылдапты.
Слот Мерсисайдтың клубын 2024 жылдың жазында тізгіндеген еді. 31 турдан кейін 49 ұпай жинаған оның командасы Ағылшын Премьер-лигасында бесінші орында келеді.