13.02.2026 10:26

Олисе Бундеслиганың үздік ойыншысы атанды

13.02.2026 10:26

«Бавария» вингері Майкл Олисе Бундеслиганың қаңтардағы үздік ойыншысы атанды

24 жастағы француз өткен айда бес матчта үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Нәтижесінде ол бұл жүлдеге таласта Миро Мухаймды, Лука Вушковичті (екеуі де – «Гамбург»), Луис Диасты («Бавария»), Нико Шлоттербекті («Боруссия») және Штефан Белльді («Майнц») артқа тастады.

Осымен Майкл биылғы маусымда екінші рет бұл аталым бойынша топ жарды. Бұған дейін қараша айында үздік деп танылған еді.

Олисе осы маусымда жалпы 34 матчта 13 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram