13.02.2026 03:18
«Барселона» «Атлетикоға» ойсырай жеңілді
13.02.2026 03:18
Испания кубогының жартылай финалында «Барселона» сырт алаңда «Атлетикоға» 0:4 есебімен есе жіберді

Мадридте өткен алғашқы матчта Антуан Гризманн, Адемола Лукман және Хулиан Альварес мергендік танытты. Сондай-ақ Эрик Гарсия автогол авторы атанды.
Қос клуб арасындағы қарымта кездесу 3 наурызға жоспарланған.