13.02.2026 03:16

«Арсенал» ұпай жоғалтты

13.02.2026 03:16

Ағылшын Премьер-лигасының 26-турында «Арсенал» сырт алаңда «Брентфордпен» тең тарқасты

Лондонда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. «Зеңбірекшілердің» сапында Нони Мадуеке гол соқса, оған Кин Льюис-Поттер жауап қайтарды.

Осылайша 57-ұпайын олжалаған «Арсенал» турнир кестесінде көш басында қала береді.

Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 18 қаңтар күні «Вулверхэмптонға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram