14.04.2026 09:32

Нойер АПЛ-ге ауысуы мүмкін

14.04.2026 09:32

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, оны «Брайтон» өз қатарынан көргісі келеді. «Шағалалардың» бас бапкері Фабиан Хюрцелер басшылыққа Нойерді қалайтынын айтыпты.

Ал «Бавария» керісінше «Брайтонның» голкипері Барт Вербрюггенді сатып алуды қарастырып жатыр.

40 жастағы Нойер Мюнхен клубының намысын 2011 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 32 матчта 30 гол өткізіп, 11 ойында қақпасына доп жібермеді. Ал келісімшарты осы жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram