14.04.2026 09:15
Ямаль: «бар күшімізді саламыз»
14.04.2026 09:15
«Барселона» вингері Ламин Ямаль «Атлетикоға» қарсы матч қарсаңында пікір білдірді

«Соңына дейін күресуге уәде береміз. Бір минут та тыным таппай жүгіріп, прессинг жасаумен боламыз. Бар күшімізді саламыз»,– деді Ламин баспасөз мәслихатында.
Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчы бүгін, 14 сәуір күні Мадридте болады. Алғашқы кездесуде «Атлетико» 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
18 жастағы испаниялық вингер осы маусымда 43 матчта 22 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.