14.04.2026 08:39

«Интер» рекорд орнатты

14.04.2026 08:39

Италия А Сериясының 32-турында «Интер» «Комоны» 4:3 есебімен жеңді

Осылайша «нерадзурри» ішкі чемпионаттағы голдары санын 5465-ке жеткізіп, рекорд орнатты.

Миланның клубы бұл көрсеткіш бойынша 1975 жылдан бері көш бастап тұрған «Ювентусті» (5464 гол) басып озды. Сондай-ақ үздік үштіктің қатарында «Милан» (5132) бар.

32 турдан кейін 75 ұпай жинаған Кристиан Киву шәкірттері Италия А Сериясында жеке-дара көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram