21.08.2025 22:58

Ноа Окафор неліктен «Лидске» ауысқанын айтты

21.08.2025 22:58

Бүгін, 21 тамыз «Лидс» ойыншысы атанған Ноа Окафор клуб ауыстыруына не себеп болғанын айтты

— «Миланда» жүргенімде «Лидске» қарсы жолдастық кездесу өткізгенім әлі есімде. Дублинге қонаққа барғанымызда қатты таңғалдым. Жолдастық кездесуге 50 мың жанкүйер жиналғанын алғаш рет көрдім. Енді «Лидстің» алаңында доп тебуді тағатсыздана күтіп жүрмін, — деді Окафор.

Окафордың арманы 30 тамыз күні орындалады. «Тауыстар» АПЛ 3-туры аясында өз алаңында «Ньюкаслды» қабылдайды.

Айта кетейік, «Лидс» швейцариялық жартылай қорғаушыны «Миланнан» 20 млн еуроға сатып алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram