31.12.2025 17:05
Нкунку ат басын Түркияға бұруы мүмкін
31.12.2025 17:05
«Милан» шабуылшысы Кристофер Нкунку мансабын Түркия чемпионатында жалғауы мүмкін

Transfermarkt хабарлауынша, 28 жастағы французға «Фенербахче» қызығушылық танытуда. Ыстамбұлдың клубы «Миланға» ауызша ұсыныс жасап қойыпты.
«Россонерри» болса ойыншысын «Челсиден» алған бағасы 35 миллион еуроға сатуға дайын.
Нкунку осы маусымда 15 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.