10.05.2026 21:43
Нико Уильямс Әлем чемпионаты қарсаңында жарақат алды
10.05.2026 21:43
«Атлетик» вингері Нико Уильямс жарақат алды

23 жастағы Испания құрамасының ойыншысы Ла Лиганың 35-турындағы «Валенсияға» (0:1) қарсы матчта бұлшық етін зақымдап алып, 36-минутта алаңдағы орнын ағасы Иньяки Уильямсқа босатты.
Сондай-ақ Испанияның тағы бір ойыншысы, негізгі қорғаушысы Эмерик Ляпорт жарақат алып, алаңнан ерте кетті. Бұл екеуінің жағдайы және Әлем чемпионатына қатысу-қатыспауы ертең болатын медициналық тексерістен кейін белгілі болады.
«Қызыл фурия» биылғы мундиальда Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругвай құрамасымен Н тобында ойнайды.