10.05.2026 20:24

«Комо» Еурокубокке жолдама алды

10.05.2026 20:24

Италия А Сериясының 36-турында «Комо» сырт алаңда «Веронадан» (1:0) басым түсіп, жалғыз голды 71-минутта Анастасиос Дувикас соқты

Бұл жеңістен кейін «лариани» тарихында алғаш рет Еурокубокке жолдама алды. Енді қалған екі турда жеңілсе де команда алтыншы орыннан төмен түспейді. Ал «Комоның» Чемпиондар лигасы, Еуропа не Конференция лигасында ойнайтыны маусым соңында нақты белгілі болады.

36 турдан кейін 65 ұпай жинаған «бланкоблу» турнир кестесінде бесінші орында тұр. Команданы 2024 жылдан бері «Барселона», «Арсенал» және «Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас жаттықтырып келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram