10.05.2026 17:40

Пулишич қатардан шықты

10.05.2026 17:40

«Милан» вингері Кристиан Пулишич жарақат алды

27 жастағы америкалық ойыншы соңғы жаттығу кезінде бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты ол бүгін, 10 мамыр күні Италия А Сериясының 36-туры аясында өтетін «Аталантаға» қарсы матчқа қатыспайды. Оның орнына негізгі құрамда Рафаэль Леау шығады деп күтілуде.

Пулишич «россонерри» сапына 2023 жылы «Челсиден» 20,8 миллион еуроға келіп қосылған еді. Ол осы маусымда 32 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram