10.05.2026 14:34
Эль-Класиконы әлемнің 190 елінде көрсетеді
10.05.2026 14:34
Бүгін, 10 мамыр күні Испания Ла Лигасының 35-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Реалды» қабылдайды

Бұл Эль-Класико әлемнің 190 елінде тікелей эфирде көрсетіледі екен. Ал оны тамашалайтын жанкүйерлердің саны 900 миллионнан асып жығылады деп күтілуде.
Біздің елде 00:00-де басталатын супер-матчты Setanta Sports 1 телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.