10.05.2026 21:21
Ғалымжан Кенжебек гол соқты
10.05.2026 21:21
Ресей Премьер-лигасының 29-турында «Ахмат» өз алаңында «Динамо Махачкаламен» (1:1) тең тарқасты

Грозный ұжымының жалғыз голын 83-минутта отандасымыз Ғалымжан Кенжебек соғып, есепті теңестірді. Осылайша «Ахмат» 36-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде тоғызыншы орында қалды.
Бұл Ғалымжанның «Ахматтағы» үшінші голы. Осыған дейін ол жолдастық кездесулерде ОКМК (3:2) мен «Белград» (3:0) қақпасынан саңылау тапқан. Ал ресми матчтарда алғаш рет дараланып отыр.
23 жастағы Қазақстан құрамасының вингері Станислав Черчесов баптайтын командаға 10 қаңтар күні «Елімайдан» ауысып келген еді. Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Одан бөлек бұл клубта тағы бір отандасымыз Максим Самородов тер төгеді.