30.06.2026 18:01
Нидерланд бас бапкерсіз қалады
30.06.2026 18:01
Рональд Куман Нидерланд құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдады

The Touchline хабарлауынша, 63 жастағы маман 31 шілдеде аяқталатын келісімшартты мезгілінен бұрын бұзады.
Куман құраманы 2018-2020 жылдары жаттықтырып, 2023-те қайта оралды. Оның тұсында команда 24 рет жеңіске жетіп, тоғыз мәрте тең түссе, 11 ойында қарсыласына жол берді.