30.06.2026 17:38
Нагельсманн: «федерация қаласа, құрамада қалуға дайынмын»
30.06.2026 17:38
Германия бас бапкері Юлиан Нагельсманн құрамадағы болашағына қатысты пікір білдірді

«Федерация қаласа, құрамада қалуға дайынмын. Қаламаса маған келіп айтсын. Мен жұмысымды жалғастырғым келеді. Команданы Ұлттар лигасы мен алдағы Еуропа чемпионатына апаруға қуана-қуана әзірмін»,– деді 38 жастағы маман.
«Бундестим» Әлем чемпионатының 1/16 финалында Парагвайға (1:1, пен. 4:3) жол берген еді.