30.06.2026 17:10
«Челси» Кубарсиға ұсыныс жасады
30.06.2026 17:10
«Барселона» қорғаушысы Пау Кубарсиға «Челси» көз тікті

El Nacional хабарлауынша, Лондонның клубы ол үшін 80 миллион еуро ұсыныпты. Бірақ «Барселона» мұны қабылдамаған. Каталонияның клубы Кубарси бойынша түскен ұсыныстардың ешқайсысын қарастырмаймыз деп отыр. Ал «Челси» Әлем чемпионатынан кейін «Барселонаны» райынан қайтару үшін барын салмақ. «Көктердің» бас бапкері Хаби Алонсо Пауды өз командасынан көргісі келеді.
19 жастағы Испанмя құрамасының ойыншысы өткен маусымда 48 матчқа қатысып, бір гол соқты.