03.07.2026 21:20
Натан Аке «Фенербахче» ойыншысы атанды
03.07.2026 21:20
Натан Аке «Фенербахче» ойыншысы атанды

Қос тарап 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ыстамбұлдың клубы оны «Манчестер Ситиден» 7 миллион фунт стерлингке сатып алды. Сондай-ақ үстінен бонус ретінде 1,5 миллион төлейді. Аке «сары шымшықтардың» қатарына Аустриядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қосылады.
31 жастағы Нидерланд құрамасының қорғаушысы 2020 жылдан бері «Манчестер Ситиде» ойнап келді. Осы аралықта Англияның төрт дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды және одан бөлек тағы жеті трофей жеңді. Аке оған дейін «Челси», «Борнмут» және «Уотфордта» да тер төккен.