03.07.2026 18:55

Винисиус Жуниор «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

03.07.2026 18:55

«Реал» вингері Винисиус Жуниор мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Манчестер Юнайтед» көз тігіп отыр. Бас бапкер Майкл Кэррик Винисиусты өз командасынан көргісі келеді. Манкуниандықтар 120 миллион еуро көлемінде ұсыныс дайындап қойыпты және оны жақында «Реалға» жолдайды.

25 жастағы Бразилия құрамасының дүлдүлі Әлем чемпионатында төрт матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram