03.07.2026 15:10

Германия бас бапкерсіз қалды

03.07.2026 15:10

Юлиан Нагельсманн Германия құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды

Қос тарап келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды. Енді оның орнын басуға Юрген Клопп басты үміткер болып тұр.

38 жастағы неміс маманы құрама тізгінін 2023 жылы ұстаған еді. Содан бері команда 23 рет жеңіске жетіп, алты мәрте тең түссе, сегіз ойында қарсыласына жол берді.

«Бундестим» Әлем чемпионатының 1/16 финалында Парагвайға (1:1, пен. 4:3) жол беріп, мундиальмен ерте қош айтысты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram